kz

RU
EN
KZ
OLIMPBET - Қазақстан чемпионаты тоқтатылды
03 шіл 2020


Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік Комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді.
Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін.
Осыған орай OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты 14 күнге тоқтатылды. Егер эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.

Бас серіктес