kz

RU
KZ
Осей келісімшарт мерзімі аяқталған себепті «Астанадан» кетеді
20 қаң 2025

«Астана» футбол клубы жартылай қорғаушы Барнс Осеймен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қоштасады.

Ол елордалық клубқа 2024 жылдың ақпан айында қосылды. Командамен бірге УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан лигасының кубогына қол жеткізді.

Барнс «Астана» сапында 25 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Біз оған командада өткізген уақыты үшін алғыс айтып, болашақ мансабында сәттілік тілейміз!

Бас серіктес