kz

RU
EN
KZ
16 шілде күні өтетін «Астана» – «Ақтөбе» матчына билеттер сатылымда
12 шіл 2021

Көрермен саны стадион сыйымдылығының 20%-нан аспауы керек. Билеттердің бағасы 500 ден 1 200 теңгеге дейін. Билеттерді парақшаның басындағы сілтеме бойынша өтіп сатып алуға болады.

16 шілдеде «Астана Арена» стадионының кассасы 12:00 ден 20:00-ге жұмыс істейді.

18 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлерге 50% жеңілдік қарастырылған, бірақ мұндай жеңілдікпен қарастырылған билеттерді тек стадион кассасынан алуға болады. 7 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін!

Стадионға ASHYQ бағдарламасы бойынша кіру, сонымен қатар барлық санитарлық талаптарды қатаң ұстану (маска және арақашықтықтықты сақтау).

Өзіңіздің дәрежеңізді ASHYQ.kz сайтынан тексере аласыз.

Бас серіктес