kz

RU
EN
KZ
Пирос Сотириу "Астанадан" кетті
05 ақп 2021


 
 
​"Астана" футбол клубы Болгария чемпионы "Лудогорцпен" форвард Пиерос Сотириудың ауысуы туралы трансфер шартын жасады.
​Қазақстандық клубтың сапына Пиерос 2020 жылғы маусымның алдында ауысып келіп, клубқа елдің суперкубогын жеңіп алуға және чемпионаттың қола медаліне ие болуға жәрдемдескен болатын. Маусым ішінде кипрлік спортшы барлығы 18 матчта ойнап, 7 гол соғып, 1 нәтижелі паспен көзге түскен еді.
​"Астана" командасы Пиеросқа команда нәтижелеріне үлес қосқаны үшін алғыс білдіре отырып, бұдан әрі қарайғы мансап жолында сәтті ойындар тілейді.

Бас серіктес