kz

RU
KZ
Пол Эшуорт: «Команда бұл жеңіске лайық болды»
«Астана» он бірінші тур аясында «Жетісуды» 3:0 есебімен жеңді. Ойын соңында елорда командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Пол Эшуорт кездесу туралы пікірімен бөлісті:
27 қыр 2020

- Командаға толықтай көңілім толды. Екінші күннен үшіншіге ойнаған өте қиын. Дегенмен, жігіттер өздерінің барын салып, бұл жеңіске лайық болды. Кездесу барысында сәтсіз ойнаған сәттер болды. Алайда, ондай қателіктерді 90 минут барысында кез келген команда жібереді. Одан да көп гол соғуға болар еді. Дегенмен, команда жақсы ойын көрсетіп, кездесу барысын бақылауда ұстады.
- Сіз көргіңіз келетін футболды команда қазір қаншалықты деңгейте көрсетіп жатыр?
- Бүгін 90% көрсетті, ал ешқашан 100% болмайды. Бірінші таймда шабуылда өткір ойнауға болар еді, ал екінші таймда тағы да гол соғатын сәттер болды. Бірақ бізге дәл қазір мүлде босаңсымау қажет. Барлығы қайтадан басталды. Сондықтан да келесі ойынға тыңғылықты дайындалуымыз керек.
- Жарақат алған футболшылар қашан қатарға қосылады?
- Біз олардың қалыпқа келетін сәттерін қадағалайтын боламыз. Дима мен Ненад жақында қатарға қосылса, Иван мұрнын сындырып алды, оған әлі де уақыт қажет. Юраның да жағдайын бақылауда ұстап, содан кейін шешім шығаратын боламыз.
- Команда екінші ойын қатарынан стандарттан гол соғып, жеңіске жетіп жатыр. Бұл «Астана» командасының басты артықшылығы деуге бола ма?
- «Жетісу» командасын алып қарайық. Олар стандарттық жағдайдан 9 гол соққан. Мен нақты статистиканы білмеймін, алайда олар өздерінің 50% голдарын стандарттан немесе екінші темппен соғып келеді.

Бас серіктес