kz

RU
KZ
Пол Эшуорт: «Бүгінгідей ойындарды жеңіске дейін жеткізуіміз қажет»
«Астана» - «Шахтер» арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңында елорда командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Пол Эшуорт кездесу туралы пікірімен бөлісті:
20 қыр 2020

- Бізге Еуропа Лигасындағы сәтсіздіктен кейін, психологиялық тұрғыда өте қиын болды. Оған қоса қалыпқа келуге тек екі күн ғана уақыт болды. Ал «Шахтерда» бізге қарағанда ойынға дайындалуға уақыт жеткілікті болды. Сондықтан да біз құрамға өзгерістер енгізіп, басқа футболшыларға мүмкіндік бердік. Біз ойында 1:0 есебімен алда келе жатып, ойын барысын бақылауда ұстап, жоқ жерден қақпамызға гол жіберіп жағдайымызды қиындатып алдық. Біз дәл бүгінгідей ойындарды жеңіспен аяқтауымыз керек. Сол бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер болды, бірақ оны лайықты пайдалана алмадық. 
- Бүгінгі ойынға қатысатын футболшылар тізіміне - Рукавина, Шомко және Томасов енбей қалды? Олардың жарақаттары қаншалықты ауыр?
- Рукавинаның жағдайын сіздер жақсы білесіздер. Ал Томасов пен Шомко соңғы «Будучностьқа» қарсы кездесуде жарақат алып қалды. Дима 7-10 күн бойында бізге көмектесе алмайды. Марин бір аптаға қатардан шығып қалды. Томасов соңғы ойында қосалқы құрамнан алаңға шығып, жақсы ойын көрсетті. Ол болғанда бүгін бізге анық көмектесетін еді.
- Команда келесі ойынын үш күннен кейін өткізеді. Команда «Қайсарға» қарсы ойынға дейін қалыпқа келіп үлгере ме?
- Біз бұл сұраққа ойыннан кейін ғана жауап бере аламыз. Біздің  «Қайсармен» жағдайымыз бірдей. Олар да бейсенбі күні еурокубоктерде ойнаса, бүгін өте қиын кездесу өткізеді. Өткен жылы да жағдай осындай болған, еурокубоктерде ойнап, үш күннен кейін чемпионат аясында кездесу өткізетінбіз. Бұл қиын, бірақ біз нәтиже алып келуіміз қажет.

Бас серіктес