kz

RU
EN
KZ
«Астана» футбол орталығының мерекелік турнирі
16 жел 2022

 

Елордалық клуб «Астана-Аренада» екінші рет үлкен отбасылық мереке – футбол орталығы тәрбиеленушілерінің ата-анасы мен клуб жанкүйерлері арасында турнир өткізді. Турнир Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Турнирге 10 шақты команда қатысты. Сонымен қатар, қолдау көрсетуге келген көрермендер арасында «Астана» футбол клубы серіктестерінің атынан түрлі сыйлықтар ойнатылды.

«Астана» футбол орталығының басшылығы биыл УЕФА жастар лигасының халықаралық турнирінде Қазақстан атынан өнер көрсеткен орталық түлектері – «Астана U19» командасын құрмет грамотасымен марапаттады.

Серіктестеріміздің қолдауымен турнирдің үздік қатысушыларына естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. «Астана» футбол клубы шараға қолдау көрсеткен серіктестерге алғыс білдіреді: «Окадзаки» мейрамханалар желісі, Dr. Web, MTEX, Copa.kz, ASU Waters, Astana Marriot қонақүйі, The Legends Pub, Life Football, ART Gifts.

«Астана» футбол клубы турнир қатысушыларына керемет отбасылық атмосфера үшін алғыс жолдап, осындай шаралар клуб тарихында өз орнын табатынына сенім білдіреді.


«Астана» ФК Бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес