kz

RU
EN
KZ
«Астана» футбол орталығына іріктеу
«Астана» футбол орталығы 2007-2015 жылғы аяқдопшылар арасында маусымаралық іріктеу жариялайды.
30 қаз 2023

Ойыншыларды іріктеу рәсімі 13-17 қараша мен 20-24 қараша аралығында жүргізіледі.

2012-2015 жылғы балалар арасында іріктеу 13-17 қарашада өтеді.
2007-2011 жылғы балалар арасында іріктеу 20-24 қарашада өтеді.

Іріктеуге қатысу үшін өтінішті 2023 жылдың 10 қарашасына дейін жолдау қажет.  

Іріктеу өтетін жер: ҚФФ «Футбол үйі» манежі, Астана қаласы, Б. Момышұлы даңғ, 5А.

Іріктеу шарттары:

2007-2011 жылы туған ойыншыларды іріктеу тек футбол орталықтарының, клубтар мен академиялардың, футболдан ОРБЖСМ-ның шәкірттері арасында  ғана жүргізіледі (футбол мекемелерінің сертификаты міндетті түрде қажет).

Өзіңізбен бірге төменде көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі болуы шарт:

1.    Туу туралы куәлік немесе паспорт

2.    Жүректің ЭКГ-сі мен дәрігердің қорытындысы

3.    Жүректің УДЗ-ы мен дәрігердің қорытындысы (қалыпты жағдайдан ауытқулар болса, кардиологтың нұсқаулығы)

4.    Педиатрдың № 027 анықтамасы (соматикалық тұрғыда сау екендігі, олай болмаған жағдайда диагнозын көрсету)

5.    Спорттық киім және аяқ киім

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, ОЙЫНШЫ ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНА ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ.

Іріктеуге қатысу бойынша өтінішті төмендегі WhatsApp нөмірлеріне жіберіңіз:
2007 ж.т. – Павел Сергеевич Халезов +7 778 382 58 39
2008 ж.т. – Қайрат Хамитұлы Тоқсанбаев +7 701 488 86 45
2009 ж.т. – Денис Андреевич Лукашук +7 707 938 88 31
2010 ж.т. – Әнуар Төкенов +7 701 469 87 89
2011 ж.т. –Табиғат Жоламан +7 747 788 80 23
2012 ж.т. – Әлнұр Уразалинов +7 775 438 74 83
2013 ж.т. – Бекзат Дүйсенбаев +7 775 954 31 61
2014 ж.т. – Кирилл Петрович Малиев +7 701 150 54 19
2015 ж.т. – Кирилл Петрович Малиев +7 701 150 54 19

Өтінішті жүктеп алу

2006-2012 жылғы қыздарды іріктеу бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

2007-08 ж.т. – Махаббат Досжанова +7 701 379 80 22
2009-10 ж.т. – Ұлболсын Жолчиева +7 701 441 44 99
2011-13 ж.т. – Жанна Малғаждарова +7 775 414 18 43

Сұрақтар бойынша дүйсенбі-жұма аралығында 10:00-ден 19:00-ге дейін хабарласуыңызды сұраймыз.

Ескерту:

Еліміздегі футбол орталықтарының тізімі: «Ақжайық» ФО Орал қаласы, «Ақтөбе» ФО Ақтөбе қаласы, «Атырау» ФО Атырау қаласы, «Жетісу» ФО Талдықорған қаласы, «Ақсу» ФО Павлодар қаласы, «Қайсар» ФО Қызылорда қаласы, «Каспий» ФО Ақтау қаласы, «Қызылжар» ФО Петропавл қаласы, «Тұран» ФО Түркістан қаласы, «Оқжетпес» ФО Көкшетау қаласы, «Ордабасы» ФО Шымкент қаласы, «Алтай» ФО Өскемен қаласы, «Семей» ФО Семей қаласы, «Тараз» ФО Тараз қаласы, «Тобыл» ФО Қостанай қаласы, «Шахтер» ФО Қарағанды қаласы, «Алаш- РКС» ФО Алматы қаласы.

Футбол академиялары: «Қайрат» ФА Алматы қаласы, «Оңтүстік» ФА Шымкент қаласы.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
 

Бас серіктес