kz

RU
KZ
Рунар Мар Сигурьонссон: «Біз өзіміз қалайтын бірінші орынға қайта көтерілдік»
16 нау 2020


«Астана» сырт алаңда «Каспийді» 3:2 есебімен жеңді. Ақтаулық команда қақпасына астаналықтардың алғашқы голын соққан Рунар Мар Сигурьонссон клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірімен бөлісті:
- Қиын ойын өрбіді. Біз бірінші таймда жақсы ойнап, жауапсыз үш гол соқтық. Алайда, кездесудің екінші таймында өте қатты босаңсып кеттік. Қарсылас команда жақсы ойнады. Екінші таймдағы көрсеткен ойынымыз ешқандай ақталуға келмейді. Біз өз ойынымызды жақсартуға тиіспіз. Біз өзіміз қалайтын бірінші орынға қайта көтерілдік. Ең маңыздысы осы.
- Жанкүйерлерсіз өткен ойын қандай әсер қалдырды?
- Ойынның көрерменсіз өтуі шынын айтсам біртүрлі болды. Біз жанкүйерлердің әр ойында жанымызда болғанын қалаймыз. Бірақ, қазіргі жағдай оған мүмкіндік бермейтінін жақсы түсінеміз. Чемпионат қайта жалғасқан уақытта, олар да трибунаға оралады деп үміттенемін.
- Сіз Чемпионат басындағы үш кездесуде екі гол соқтыңыз. Сұрмергендер қатарынан көріну жеке жоспарыңызда бар ма?
- Маған кімнің көзге түскені аса маңызды емес. Егер мен гол соқпай, бірақ команда жеңіске жетсе, мен өте қуанышты боламын. Ең бастысы – бұл команда, қалғаны екінші орында. Команда құрамындағы барлық ойыншылардың да осындай пікірде болуы өте маңызды.

Бас серіктес