kz

RU
EN
KZ
Рунар Мар Сигурьонссон "Астанадан" кетті
08 ақп 2021


 
​Жартылай қорғаушы Рунар Мар Сигурьонссон "Астана" футбол клубымен қоштасты.
​Рунар елордалық клубпен бірге Чемпиондықты жеңіп, сондай-ақ Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығып, 2019 жылдың ортасында келісімшартқа отырған болатын. 2020 жылғы ойын маусымында   Сигурьонссон суперкубоктағы жеңіске және чемпионаттың қола медальдарын иеленуге де үлесін қосты.
​"Астана" клубының мүддесі үшін исландық спортшы 40 матчта ойнап, 13 гол және 8 нәтижелі паспен көзге түсті.
​"Астана" Рунарға клубтың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, мансап жолында сәттілік тілейді.

Бас серіктес