Бүгін – қазақ футболының ардагері, аса қадірлі Михаил Гурманның туған күні.
Михаил Ильичтің басшылығы кезінде «Астана» футбол клубы үлкен жетістіктерге жетті: 2019 жылы команда Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, ел Суперкубогын иеленді және Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтті. Бұл жетістіктер клуб тарихына алтын әріптермен жазылды.
«Астана» футбол клубының ұжымы Михаил Ильичті туған күнімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ әрі ғибратты ғұмыр, отбасына амандық пен барлық жаңа бастамаларына табыс тілейді!