– Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Біз ойынды бақылауда ұстадық деп есептеймін. Бастысы қақпамызға гол өткізбедік. Жанкүйерлерімізге үлкен алғысымды білдіремін, біз сіздердің қолдауларыңызды сезінеміз.
– Алғашқы тайм голсыз өтті, ал екінші таймда бірден төрт гол салдық. Қалай ойлайсың, неліктен ойын басы қиын болды?
– Бірінші таймда өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Екінші таймда ойын қарқыны өзгеше өрбіді. Барлығынан бұрын Суланың гол салғанына өте қуаныштымын, ол жарады. Осы сәтті пайдаланып айта кеткім келеді, бүгін бізде Алматыда беташар болды, өкіншке орай, мен қатыса алмадым. Сондықтан, бүгінгі жеңісті өз отбасыма арнаймын.
Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ