kz

RU
EN
KZ
Санжар Шураханов: «Біздің міндетіміз – жұмысты жалғастыру және алға жылжу»
15 қаз 2020

 

Екінші Лигада өнер көрсеткен «Астана-М» командасының негізгі ойыншыларының бірі, 18 жастағы жартылай қорғаушы Санжар Шураханов клубтың баспасөз қызметіне маусымды қорытындылап, арнайы сұхбат берді: 
 
- Маусымға, өз ойыныма баға беру өте қиын. Біздің ойынымызды бапкерлер құрамы бағалауы тиіс деп есептеймін. Дегенмен, футбол - командалық ойын. Біз егер өз алдымызға қойған міндеттерді орындай алмасақ, онда барлық команда мүшелері және оның ішінде мен қажет деңгейде өз жұмысымызды атқармадық деген сөз. 
- Жалпы, Екінші Лига өздерің күткендей өтті ме?
- Әрине, ұзақ күткен маусымнан көп дүние күткен едік. Құрамдағы жігіттердің біразы Екінші Лига деңгейінде алғаш рет ойнады. Қарсыластардың барлығы деңгейлес болды, бірақ нәтижеге қол жеткізе алмадық. Ендігі біздің міндетіміз - жұмысты жалғастыру және алға жылжу. Біз әлі өзіміздің соңғы сөзімізді айтпағанымызға мен сенімдімін!

Бас серіктес