kz

RU
EN
KZ
Сапар Қарынбаев: Команда ойын жоспарын орындады, бірақ кемшін тұстар бар
«Астана Жас» командасының бас бапкері Сапар Қарынбаев «Елімай Жаспен» өткен ойынды (3:0) қорытындылады:
25 сәу 2024

– Команда бүгінгі кездесуге деген жоспарды толығымен орындады, дайындығы да жақсы. Әрине, ойынды ұйымдастыруда біраз дүниені әлі де жақсарта түсуіміз керек. Петропавлдағы матчтың кейінге шегерілуіне байланысты мәжбүрлі үзіліс болды, бірақ біз жаттығуды тоқтатпай, қала біріншілігінің командасымен кездесу өткіздік, артынша «Елімаймен» ойынға байыпты дайындалдық.

– Бүгін небәрі 18 жасар Мирас Амангелді команда сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Жас қақпашыға мүмкіндік беруіңіздің астары қандай?
– «Елімаймен» өткен ойын алдындағы дайындық кезіндегі жұмысының нәтижесіне қарай Мирасқа мүмкіндік беруді ұйғардық. Қажырлы еңбегі арқасында ол жігіттермен бірге алаңға шығып, дебют жасауға қол жеткізді.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес