kz

RU
KZ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жиыны
«Астана» футбол клубының кеңсесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шара клуб басшылығы мен Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді.
17 мау 2025

Клуб ұжымының алдында Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының аға офицері Мақсұт Нұрболат Бақытжанұлы және комплаенс-офицер Асқар Серікбаев сөз сөйлеп, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы кеңінен айтып берді.

Семинар барысында адал қоғам қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. «Астана» футбол клубының құрылтайшылары мен басшылығы жемқорлықтан ада қоғам қалыптастыруға мүдделі.

Бас серіктес