Срджан Благоевич «Астананың» негізгі құрамын жаттықтыруға 2021 жылдың қараша айында тағайындалған болатын, сонымен қатар командамен бірге маусым алдындағы жиындарды өткізіп, биылғы маусымның көп бөлігін қамтыды. «Астана» оның баптауы арқасында турнирлік кестеде жоғары позицияда болды, көш бастады, сондай-ақ Қазақстан Olimpbet-Кубогының жартылай финалына өтті.
Бас бапкердің әріптестері мен достары оны нағыз өз ісінің маманы ретінде таниды. Елордалық клуб ұжымы Срджанның команданың жеңіс жолында сіңірген зор еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, бапкерлік мансабына сәттілік тілейді.