kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич: «Жастар командасындағы ойыншыларға мүмкіндік бердік»
08 шіл 2022

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Жетісумен» (0:0) өткен ел кубогы аясындағы кездесуге қатысты пікірін білдірді.

– Жаңа жарыстың шымылдығын ойын тәжірибесіне ие бола алмай жүрген және жастар құрамасындағы ойыншыларға мүмкіндік берумен аштық. Бастапқы құрамға жас ойыншыларға көмектесіп, ойынға өң беру мақсатында бірнеше негізгі құрам ойыншысын шығардық. Бұл ойлағанымыз жүзеге асты деуге болады, оның үстіне олар бір-бірімен алғаш рет ойнады.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес