– Сырт алаңдағы ойын қиын болды, «Тараз» – әдемі футбол көрсете білетін жоғары деңгейдегі команда, әуел бастан ауыр болатынын білдік. Бүгін екі команда да жақсы ойнады, өкініштісі, алаң сапасы кедергі болды, егер барлығы басқаша болғанда, көрермендер бұдан да мықты футболды тамашалайтын еді. Өткен ойында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңген кезде, мен футболшыларға команданың ойынына көңілім толмайтынын айтқан едім, ал бүгін жеңіске жетпедік, алайда өткен кездесуге қарағанда әлдеқайда жақсырақ ойын мәнерін көрсеттік. Тағы бір гол соқпағанымыз өкінішті. Бізде барлығы болды, керемет мүмкіндіктерге де ие болдық. Бірақ мен ойын соңында гол сала алғанымызға қуануым керек. Футболшыларға риза екенімді айттым, егер осылай жалғастыратын болсақ, онда барлығы жақсы болатынына сенімдімін.
– Килан қосалқы құраммен шықты, гол соқты. Оның ойынға толық дайын күйінде қашан көреміз?
– Алдағы екі матчта оған одан да көп ойын минуттарын қосуды жоспарлап отырмыз. Мүмкін ол негізгі құрамда шығатын шығар.
– Томасовқа пенальти болды ма?
– Білмеймін, сол сәтті көрмедім, алыста болдым.
– «Мақтааралмен» матчта аралас құрам ойнай ма, әлде әлі белгісіз бе?
– Команданың жағдайына қарайық: Манзорро жарақат алды, Юрий Перцухқа жағымсыз соққы болды. Ойыншылардың жағдайы қандай болатынын көрейік. Бұл алаңда ойнау өте қиын болды, ол жұмсақ, біркелкі емес және үлкен қысым болды. Өзгерістер болады деп ойлаймын, бізге тың қуатты болу керек.
– Жеремидің жамбас бұлшықетінде жарақат бар ма?
– Иә.
– Ауыр жарақат па?
–Суретке түсіріп, анықтай жатармыз.
«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі - «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ