kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич: «Өте ауыр кездесу болды»
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Қызылжармен» өткен кездесу жайында ойымен бөлісті.
21 там 2022

– Өз командамды жеңісімен құттықтаймын. Бұл өте қиын матч болды: алғашқы 15-20 минут жақсы өтті, содан кейін ойын қарқыны төмендеп қалды, мүмкін нәтиже анықталды деп ой болды ма, бірақ ол дұрыс емес. Ойыншылардың физикалық жағдайы ды әсер еткен болуы мүмкін, өйткені 4-5 футболшы ұзақ уақыт бойы жаттықпады, сол себепті ойын қарқынын соңына дейін жеткізе алмады. Кейбір сәттерде жағдайды пайдамызға ертерек шешуге болар еді, мүмкін жолымыз болмады, бірақ бұд ойын, бұл жерде бастысы – жеңіс. Егер біз әрі қарай да жеңіс тұғырынан көрінгіміз келсе, онда кей сәттерді жақсартуымыз керек, бұл жағын өз ішімізде анықтаймыз, талдаймыз. Ойыннан кейін сәл демалып, әрі қарай жұмысты жалғастырамыз.

«Астана» клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес