– Мен «Астананың» құрамында өткізген уақыт үшін ризашылығымды білдіремін... Бұл менің тұлға ретінде де, жаттықтырушы ретінде де дамуыма сеп болған үлкен әрі баға жетпес тәжірибе болды. Клуб үшін қиын кезеңде бірлесіп жұмыс істегенімізді мақтан тұтамын. Қазіргі уақытта клуб пен команда ілгерілеп келеді, бұл біздің бірлесе атқарған жұмысымыз басында өте алыс болып көрінген еді.
Болашақта клубқа жақсы өнер көрсету оңай болатынына күмәнім жоқ және мен жаттықтырушылар құрамымен бірге жеңіс іргетасын қалауға үлес қосқаныма қуаныштымын. Ынтымақ, түсіністік танытып, барын салған ұжымға алғыс айтамын. Ойыншылар, жаттықтырушылар жәнк қызметкерлерге рахмет. Бізбен бірге болған жанкүйерлер жарады. Әсіресе, осы уақыт бойы бізді қолдап, сенім артқан жандарға ризамын! Сәттілік тілеймін! Жарқын әрі жеңісті күндерде кездескенше!