Елордалық клуб тәрбиеленушілері «Астана» сапында алаңға шығуын жалғастырады.
Екі ойыншы да футболдағы мансабын «Астаналық» жастар құрамасынан бастаған: Станислав Басманов 2017 жылы, ал Владислав Прокопенко 2016 жылы. Станислав Басманов негізгі құрам сапында 14 ойын өткізген. Владислав болса негізгі құраммен бірге 32 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.