«Астана» мен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Нұр-Сұлтандағы коронавирустың пандемиясы және Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу туралы айтып берді, деп хабарлайды Армения футбол федерациясының ресми сайты:
- Бірнеше күннен бері қонақ үйде тұрып жатырмын. Ол жерде барлық жағдай жасалған. Жалпы алғанда, бұл жерде барлығы орнықты. Біз қонақ үйден шығып серуендеп, дүкенге еркін бара аламыз. Қазақстанда аса қатты дүрбелең жоқ. Жергілікті тұрғындар жағдайға сабырмен қарап, барлық қауіпсіздік шарттарын сақтап жатыр. Ал біз өз кезегімізде жаттығу залында жаттығып, клубтың бапкерлер құрамымен әрдайым байланыстамыз.
Қазақстан құрамасына қарсы ойынның өтпегені өте өкінішті. Өз басым осы ойынды асыға күткен болатынмын. Қазақстанда да бұл кездесуге қызығушылық өте жоғары болды. Басқа жағынан алып қарағанда, бүкіл әлемдегі орын алған жағдай мен адамдардың денсаулығы - ең маңызды екенін мен жақсы түсінемін. Армения мен Қазақстан құрамалары алдағы уақытта бір-біріне қарсы ойнау мүмкіндігіне ие болады деп үміттенемін.