kz

RU
EN
KZ
«Астаналық» жаттықтырушылар Испанияда тағылымдамадан өтті
«Астананың» бір топ жаттықтырушысы Испанияның алдыңғы қатарлы клубтарында тағылымдамадан өтті
08 қаң 2024

Жастар құрамасының бас бапкері Сапар Қарынбаев, жаттықтырушының көмекшісі Ярослав Сеттаров, «Астана» футбол орталығының жаттықтырушылары: Жанат Закиров, Павел Халезов және Денис Лукашук Еуропаның балалар мен  жасөспірімдер футболындағы мықты жаттықтырушылармен тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру мақсатында Испанияның мен деген клубтары – «Барселона», «Атлетико Мадрид» пен «Жиронада» тағылымдамадан өтті.

Испаниядағы тағылымдаман өту нәтижесі бойынша футбол орталығының директоры Константин Котов пен «Астананың» қосалқы құрамасының бас бапкері Сапар Қарынбаев футбол орталығының жаттықтырушыларына арнап семинар өткізді. Басты тақырып – еуропалық мамандардың білім беру тәжірибесі мен шәкірттермен жұмыс жасау процесі болды.

Бас серіктес