kz

RU
EN
KZ
ФО жаттықтырушыларына заманауи коучинг технологияларын енгізу бойынша семинар өтті
"Астана" футбол клубының футбол орталығының базасында Қазақстандағы және Орта Азиядағы ProfessionalCoachICU өкілдігінің директоры Ғалия Бағдаттың қатысуымен семинар өтті.
05 нау 2020


Семинардың негізгі тақырыбы - футболдағы коучингтің заманауи технологияларын енгізу, сондай-ақ жас футболшылардың психологиялық мотивациясын қалыптастыру.
Семинарға футбол орталығының барлық жаттықтырушылар құрамы қатысты. Айта кетейік, футбол орталығының құрылымында 9-18 жас аралығындағы 350- ден астам ұлдар мен қыздар жаттығады.
Клуб пен Professional Coach ICU арасында одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді, оның аясында Ғалия Бағдат футбол орталығының жұмысын жақсарту мақсатында бірқатар семинарлар өткізеді.

Бас серіктес