Сондай-ақ «Астана» ФО басшысы Константин Котов баяндама жасап, футбол орталығының 2009, 2010, 2011 жылғы жасөспірімдеріне оқу-жаттығу процесін жүргізу әдістемесіне ерекше назар аударды.
Бұл шараға «Астана» ФО жаттықтырушылар құрамынан 20-ға жуық маман қатысты. Жиын қорытындысы бойынша оқу-жаттығу процесінде әртүрлі әдістерді қолдану және жас спортшылардың жаттығу мәліметтерін өңдеу платформасын енгізу жоспарға қойылды.