kz

RU
KZ
Валерий Чуперка «Астана» сапынан кетеді
Екі тараптың ортақ шешімі бойынша, хавбек Валерий Чуперка «Астана» құрамынан кетеді.
00:00, 30 жел 2021

Валерий «Астана» құрамына 2021 жылғы маусымда қосылған болатын. Алғашқы матчтан бастап жақсы ойын көрсете білген футболшы клуб сапында 25 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 3 ассист берген.

«Астана» футбол клубы Валерийге маусым үшін алғыс айтып, футболшы мансабында тек сәттіліктер мен жеңістер тілейді!

Бас серіктес