kz

RU
EN
KZ
Юрий Логвиненко Премьер-Лигадағы 25-ші голын соқты
17 нау 2020


31 жастағы "Астана" қорғаушысы Юрий Логвиненко ақтаулық "Каспийге" (3:2) қарсы кездесуде Қазақстан Премьер-Лигасындағы 25-ші голын соқты, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.
Юрий Логвиненко Премьер-Лигада "Ақтөбе" футбол клубы сапында 17 жасында, яғни 2006 жылдың 8 сәуір күні "Таразға" (1:1) қарсы кездесуде алғашқы ойынын өткізді. Ол өзінің алғашқы голын 2006 жылы 28 мамыр күні Сергей Захарецкий қорғаған "Қайсар" (5:0) қақпасына соқты. Юрий "Ақтөбе" сапында өткізген 227 ойында 14 гол соққан. Ал қазіргі клубы "Астана" сапында 88 ойын өткзіп, 11 гол соққан.
Логвиненко жалпы Қазақстан Премьер-Лигасы аясында 315 ойын өткізіп, 25 гол соққан.

Бас серіктес