Ойын соңында елорда командасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцух матч туралы пікірімен бөлісті:
- Ойында ірі есеп тіркелгеніне қарамастан, өте қиын кездесу өрбіді. «Қызыл-Жар СҚ» - өте жақсы қарсылас, оған қоса дәл бүгінгідей ауа райында ойнау оңай емес. Дегенмен, біз екінші таймда қарсыласты толықтай қыспаққа алып, турнирдің басында өте маңызды жеңіске қол жеткіздік.
- Сен алматылықсың. Бүгін сені арнайы қолдауға келгендер болды ма?
- Бүгінгі ойынға менің достарым мен жақын туыстарым және де Нұр-Сұлтан қаласынан бір топ жанкүйерлер келді. Оларға ерекше алғыс айтамын. Жеңіске жетіп, барлығын қуантқымыз келді!
- Сен «Астана» сапындағы кезінде «Қызыл-Жар СҚ» құрамында ойнаған жалғыз футболшысың. Бұл ойынға ерекше бір дайындық болды ма?
- Мен қарсыластың қандай ұжым екендігіне қарамастан алаңға тек бір мақсатпен шығамын. Ол команданың жеңісіне көмектесу.