Черногориялық қорғаушы өткен жылы Еуропа Лигасы аясындағы «Партизанға» қарсы кездесуде жарақат алып қалған болатын.
Осы жылғы алғашқы ойыны туралы Жарко клубтың баспасөз қызметіне айтып берді:
- Ойын оңай болған жоқ. Біз бірінші таймды жақсы өткізіп, 3:0 есебімен алға шықтық. Алайда, кездесудің екінші бөлігінде бірқатар қателіктерге жол беріп, нәтижесінде ойында 3:2 есебі тіркелді. «Каспий» екінші таймда өте жақсы ойын көрсетті. Бірақ, ең маңыздысы біз үш ұпайға қол жеткіздік. Қарсылас команда Қазақстан Чемпионаты алдағы уақытта біз үшін жеңіл болмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Біз алдағы уақытта жеңіс жолымызды жалғастыру үшін, өз ойынымызды жақсартуға тиіспіз.
- Сіз өткен жылғы Еуропа Лигасы аясындағы кездесуде алған жарақатыңыздан кейін алғаш рет алаңға оралып отырсыз. Қазіргі жағдайыңыз туралы айта аласыз ба?
- Жасыл алаңға қайта оралып, толық ойын өткізгеніме өте қуаныштымын. Өзімді жақсы сезінудемін. Ұзақ уақыттан кейін футбол ойнаудың өзі бір ғанибет. Алдағы уақытта еңбектенуді жалғастыруым қажет. Барлығы жақсы болады деген ойдамын. Команданың өз алдына жүктеген міндеттерін орындауға көмектесе алатыныма қуаныштымын.