kz

RU
EN
KZ
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі
«Оқжестпеспен» өткен матч кезінде «Астана» футбол орталығының 2011 және 2012 жылғы шәкірттерін марапаттау рәсімі өтті.
28 қыр 2023

«Астананың» 2011 жылғы шәкірттері Черногорияда өткен PODGORICA TROPHY 2023 халықаралық турнирінде чемпион атанды. Бұл турнир 14-17 қыркүйек аралығында өтіп, оған 9 елден (Черногория, Сербия, Испания, Ресей, Хорватия, Болгария, Венгрия, Босния және Герцеговина, Қазақстан) 20 команда қатысты.

Турнирдің үздік ойыншысы – Тілешев Даниэль, үздік қақпашысы - Тян Максим, ал үздік жартылай қорғаушысы – Тян Артём.

Команданың бас бапкері Жоламан Табиғат, ал көмекшісі Әнуар Төкенов.

Ал 2012 жылғы шәкірттеріміз үш жыл қатарынан AR Cup 2023 халықаралық турнирінің жеңіс тұғырынан көрінді. Қырғызстандық «Азиягол» мен өзбекстандық «Бунедкорды» қоса алғанда, жалпы 8 команда қатысқан турнирде астаналық жігіттер «Шахтермен» пенальти сериясында 1:0, ал «Қайраттан» 3:0 есебімен басым түсті. Финалда Ташкент қаласының намысын қорғаған «Бунедкорды» қапы қалдырды (3:1). Ал аяқдопшымыз Олжас турнирде 4 гол соғып, үздік өнер көрсетті.

Команданың бас бапкері - Әлнұр Оразалинов, бапкердің көмекшісі - Кирилл Малеев.
Жеңімпаздарға марапатты «Астана» ФК атқарушы директоры Бағлан Ергешев пен спорт директоры Игорь Павлюк табыстады.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес