Біз сіздің «Астана» футбол клубы» ЖМ ресми сайтындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміне өткеніңізді хабарлаймыз.
«Астана» футбол клубы» ЖМ клубтағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, ашықтық пен жемқорлыққа жол бермеуді қалыптастыруға ұмтылады.
Біздің клубта комплаенс-офицер тағайындалды, сондай-ақ ішкі құжаттаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау жүргізу, қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына оқыту бойынша кешенді және жүйелі шараларды көздейтін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленді және іске асырылуда.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру, негізгі қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
- клубта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- клуб қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
- клубта сыбайлас жемқорлыққа қарсылық мәдениетін қалыптастыру.
Егер сіз осындай жағдайлар жайында білсеңі:
⁃ осыбайлас жемқорлық, алаяқтық және жымқыру фактілері туралы;
⁃ қызметтік жағдайды өз пайдасына асыру және лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы;
⁃ «Астана» футбол клубы» материалдық залал келтіретін немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өзге де іс-әрекеттер жасағаны туралы мына мекенжайға дереу хабарлауды сұраймыз: compliance.fcastana@gmail.com немесе сенім телефоны арқылы: +7 777 100 99 22.
2021 жылғы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА