Бүгін «Астана» футбол клубымен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов келісімшарт жасасты.
Өзінің кәсіби мансабын «Ақтөбе» командасында бастаған Абат Қазақстан чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ еурокубоктарға да қатысып үлгерді.
«Ақтөбеден» кейін Айымбетов «Қайрат» сапына ауысты. Онда шабуылшы чемпионаттың үздік сұрмергені атанып, алтын жүлдеге қол жеткізеді. Қыста Абат Ресейдің ФНЛ-ында ойнайтын «Крылья Советов» клубына ауысқан еді.
Шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 13 ойын өткізіп, 2 гол соқты.
Абат елордалық команданың сапында жазғы трансферге дейін жалға ойнайды.