kz

RU
EN
KZ
Абат Айымбетов Загребтің «Динамосына» қарсы ойын жайында
Елордалық клубтың шабуылшы Абат Айымбетов ойыналды баспасөз мәслихатында Загребтің «Динамосымен» өтетін матч туралы өз ойымен бөлісті.
25 шіл 2023

– Ауыр ойын болатыны анық. Дегенмен, біз оған толықтай дайынбыз. Бұйыртса, елге жақсы нәтижемен ораламыз деген үміттеміз.

– Загребке келгенде қандай сезімде болдыңыз?

– «Динамо» – еуропалық жарыстардың топтық кезеңдерінде тұрақты ойнайтын команда. Олардың құрамында ұлттық құрама ойыншылары өте көп. Бұл мықты команда.

– Сіз осы матч турасында Чондричпен сөйлестіңіз бе?

– Біз Чондричтан Загребтің «Динамосы» туралы көп нәрсе білдік. Мен Хорватия астанасын бұрыннан білетінмін. Біздің командада Чондричтен басқа Марин Томасов бар. Негізі көбіне қала жайында әңгіме айттық. Ал ертең кездесетін команданы бұрыннан жақсы білемін.

– Ойыннан не күтесіз?

– Ертең бәрі белгілі болады. Дайындығымыз жақсы.

– Абат, БАҚ-та «Астананың ертеңгі кездесуде жеңіске жету мүмкіндігі аз» деп жазып жатыр. Бұл жайында не айтасыз?

– Біз «Динамоны» лайықты деңгейде құрметтейміз. Алайда БАҚта айтылған пікірмен келіспейміз. Мен өз командама толық сенемін. Бәрі де біріншіден Алланың қолдауымен, екіншіден біздің өнер көрсетуімізге байланысты болмақ. Жалпы, жанкүйерлерімізді жақсы нәтижемен қуантатынымызға сенемін.

*metaratings
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес