kz

RU
EN
KZ
БАҚ өкілдерін аккредиттеу
04 там 2023

«Астана» футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының 2023/24 маусымына іріктеу кезеңінің үшінші тур ойынына аккредитацияның ашық екенін хабарлайды.

Ойын «Астана Арена» стадионында 2023 жылдың 8 тамызында өтеді. Аккредитациядан өту үшін 7 тамызға дейін клубтың баспасөз қызметіне (abuov@fcastana.kz) журналистер тізімін, аккредиттеу түрін және байланыс ақпаратын көрсете отырып, өтініш жіберуіңіз керек. Өтініш басылымның ресми бланкісінде берілуі және оған бас редактордың немесе басқа уәкілетті тұлғаның қолы қойылуы тиіс.

БАҚ өкілдерінің жұмыс аймақтарындағы орындардың шектеулілігіне байланысты клуб олардың санын қысқарту немесе аккредиттеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Бас серіктес