«Елімаймен» өткен матчты «Астананың» бас бапкерінің көмекшісі Александр Москаленко қорытындылады.
– Мен бүгін толы трибуна алдында, осындай стадионда ойын өткізгенімізге өте қуаныштымын – атмосфера керемет болды. Жанкүйерлер екі команданы да ынталандырып отырды, бұл тамаша әсер қалдырады.
Ойын жайында: екі команда да өз мүмкіндіктерін іске асырса, жеңуі немесе жеңілуі мүмкін еді. Бүгін ұзақ рейстен кейін 90 минут бойы тер төккен командамызға рахмет айтқым келеді. Иә, біраз қиындықтар болды, бірақ көп жұмыс жасалды, бәрі жақсы.