29 жастағы «Астана» шабуылшысы Алексей Щеткин «Тобылға» (1:0) қарсы кездесуде елорда командасы сапындағы 15-ші голын соғып, клубтың Премьер-Лига ойындарындағы үздік-10 сұрмергенінің қатарына енді деп хабарлайды, KazFootball.kz тілшісі.
Алексей Щеткин «Астана» сапында 2015 жылы 7 наурызда «Оқжетпеске» (2:0) қарсы кездесуде дебют жасады. Ол екінші таймның 53-ші минутында Таңат Нөсербаевтың орнына алаңға шықты. Щеткин елорда командасы сапындағы алғашқы голын 2015 жылы 7 мамырда өзінің туған командасы «Жетісу» (3:1) қақпасына соқты. Бұл оның «Астана» құрамындағы төртінші маусымы. Алексей бүгінгі күнге дейін елорда командасы сапында 68 ойын өткізіп, 15 гол соқты.
«Астананың» 2009-2020 жылдардағы Премьер-лигадағы үздік сұрмергендері (24.10.2020 дейін):
1. Патрик Твумаси – 48 гол (123 ойын);
2. Танат Нусербаев – 46 гол (151 ойын);
3. Марин Томасов – 36 гол (82 ойын);
4. Жуниор Кабананга – 31 гол (77 ойын);
5. Фокси Кетевоама – 26 гол (109 ойын);
6. Роман Муртазаев – 21 гол (92 ойын);
7. Игорь Бугаев – 18 гол (57 ойын);
8. Сергей Остапенко – 16 гол (82 ойын);
9. Серікжан Мужиков – 16 гол (121 ойын);
10. Алексей Щеткин – 15 гол (68 ойын).