kz

RU
KZ
Андрей Тихонов: «Ойынымыз толығымен жүрді және бұдан да көп гол сала алатын едік»
27 қыр 2021

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Таразбен» (3:0) өткен ойынға қатысты пікірін білдірді.

– Ойын екі түрлі таймға бөлінді: бәрібір 3:0 есебімен жеңіп жатқан кезде тек қана жеңіс қажет және қателікке жол жоқ. Бәлкім, осыдан кейін екінші таймда айтарлықтай жолымыз болмады, ал жастарды шығарған кезде, қимыл-қозғалысымыз бен ойынға деген эмоциямыз артты. Ойыншыларымыздың кей бөлігі Ақтауда ойнамады, ал кейбірі ойнағанымен алаң сапасына байланысты арқаларын ауырсынды. Міне, осы себепті ойыншылар әртүрлі жағдайда болды. Қазір толыққанды ойын өткіздік, мен Тигран мен Фатосты қосалқы құрамнан ауыстырдым, олар өз жұмыстарын атқарды. Алғашқы таймдағы голдар, қауіпті сәттер, барлығы да керемет болды. Әрине, біз бүкіл мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Ойынымыз толығымен жүрді, біз бұдан да көп гол сала алатын едік, бірақ амал нешік, ойлағанымыздың бәрі бірдей бола бермейді – келесі ойынға қалдырамыз.

– Біраз уақыттан кейін Кике Лопез алаңға оралды. Сізге оның ойын жағдайы қалай?
– Кике бұған дейін 17 күн өткізіп алды, бұл көп уақыт және біртіндеп бабына енуде. Ол жастар командасында ойнады, енді бүгін алаңға шықты. Алдағы уақытта не боларын көреміз, жұмыстануы керек, біздің командада барлығы ойнайды, бірақ бірден емес.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес