«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Қайсармен» (2:0) өткен ойынды қорытындылады.
– Біріншті таймда жолымыз болмады, керісінше, біздің қақпаның алдында қауіпті сәттер орын алды, абырой болғанда, Саша бізді құтқарды. Қарсылас команданың Премьер-лигада қалуға деген құлшыныстары көрініп тұрды. Олар осындай жігермен маусым бойы ойнамай, бізге қарсы өте мықты дайындықпен шықты. Осындай талпыныспен тек «Астанаға» қарсы емес, барлығына да қарсы солай ойнау қажет. Біз бұның барлығын жақсы түсініп тұрмыз, бұл белгілі бір командамен тығыз байланысты.
Қайталап айтамын, біз әділ ойнаймыз және төрешілер құрамы қос командаға да тең қарады, оған қоса, тарихта бірінші рет бригада толығымен әйелдерден құралды. Олар жоғары деңгейде қызмет атқарды, сондықтан біздің немесе «Қайсардың» тарапынан келіспеушіліктер болмайды деп ойлаймын. Бір қызығы, көптеген сауалдар мен түсініспеушіліктер белгілі бір командамен байланысты болып тұр, мен бұны біреуге нұсқап айтып жатқаным жоқ. Бұл маусымның басым бөлігінде қайталанып келе жатқан қалыпты жағдай.
Екінші тайм жайлы айтар болсам, жігіттер жарады. Үзілісте барлығын талқыладық, олар бірінші таймда ойын жүрмегенін өздері де түсінді. Иә, Мариннің керемет мүмкіндігі болды, пенальтиді сала алмады, бірақ бұл жерде 50 де 50, қақпашы да тамаша ойнай білді. Алғашқы таймда орташа деңгейде өнер көрсеткенімізбен, екінші кезеңде жақсы ойнадық, тіпті екіден де көп гол соға алатын едік. Біздің қақпамызда да аздаған сәттер болды, алайда біздің соққыларымызды есепке алар болсақ, біз бұдан да ірі есепке лайықты болдық. Негізінен бұлай ойын басынан ойнау керек. Бүгін жанкүйерлер тарапынан тамаша қолдау болды, осы үшін оларға алғысымыз шексіз және олардың бұдан да көп болғанын қалаймыз. Барлықтарын жеңіспен құттықтаймын – алға қарай жылжимыз.
– Команданың Алматыдағы келесі ойыны өте маңызды. Ойыншылар қандай оймен барады?
– Шешуші матч деген ой болады. Біріншіден, төрешілер жағынан барлығы әділетті өтсе деймін, себебі алаңға екі үздік команда шығады, ал мықтырағы жеңіске жетеді. Әрине, бұл футбол, ешкім қателіктердің немесе керемет голдар мен сейвтердің болмайтынына кепілдік бере алмайды, сондықтан бәрі шынайы болғандығын қалаймын.
Осы ретте, төрешілік басқарманың басшысы Хуан Фернандес Маринді Алматыдағы ойынға шақырғым келеді. Қайталап айтайын, Қазақстанның қос алыбы кездеседі. Және әділ ойын болсын.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ