kz

RU
KZ
«Астана 2013» чемпион атанды
«Астана» футбол орталығының 2013 жылғы шәкірттері ҚР Кубогында топ жарды.
00:00, 06 қар 2023

«Астана» футбол орталығының 2013 жылғы шәкірттері ҚР Кубогында алтын жүлде иеленіп, көш бастады. Жарысқа «Ордабасы» ФО, «Тараз» ФО , «Қайсар» ФО, «Каспий» ФО, «Атырау» ФО, «Оңтүстік» ФА, «Ақжайық» ФО, «Оқжетпес» ФО, «Алтай» ФО, «Елімай» ФО сынды еліміздің әр өңірінен 32 команда қатысты.

Турнирдің үздік ойыншысы – Нұрым Нұрабаев, ал үздік қақпашысы – Ақмырза Сыдық.

Команданың бас бапкері Бекзат Дүйсенбаев. жаттықтырушының көмекшісі Жанна Малғаждарова. Футбол орталығының менеджері – Дмитрий Черемных.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес