kz

RU
EN
KZ
«Астана-2014» Грузияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
31 нау 2024

«Астана» футбол орталығының командасы Тбилисиде өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

23-28 наурыз аралығында Грузия астанасында өткен жарысқа 2014 және 2015 жылы туған футболшылар қатысты.

Елордалық «Астана» клубының 2014 жылғы қос құрамасы да жеті ойында жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтап, тжартылай финалға жолдама алды.

Бірінші орын таласқа түскен ойында 2014 жылғы қазақстандық футболшылар Грузияның «Гранди Авлабари» командасымен кездесті. Ойын 5:3 есебімен қазақстандық футболшылардың пайдасына шешілді.

Бас серіктес