kz

RU
KZ
«Астана-М» командасының ОЖЖ қарсыластары белгілі болды
«Астана-М» Шымкент қаласында наурыз айының 27-не дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
12 нау 2020


Осы аралықта Константин Котов шәкірттері 4 ойын өткізуді жоспарлап отыр. Астаналықтар ең алдымен 15 наурыз күні «Ордабасы-М» командасына қарсы ойнаса, 18 наурыз күні тағы бір Екінші Лиганың өкілі «Тараз-М» командасымен кездеседі.
Астаналықтар оқу-жаттығу жиынын «Тобыл-М» және «Оңтүстік Академиясына» қарсы кездесулермен қорытындылайды. Бұл ойындардың нақты уақыты сәл кейінірек белгілі болады.

Бас серіктес