«Астана» Қазақстан чемпионатының соңғы турында өз алаңында «Жетісуды» 5:0 есебімен жеңді.
Чинеду дублімен ерекшеленді, ал Бартолец, Грипши және Томасов бір-бір голдан соқты. Осы тур аясында «Қайрат» пенальти арқасында «Атыраудан» басым түсті. Осылайша елордалық жігіттер турнирлік кестеде екінші орынға тұрақтады.