«Астана» пенальтилер сериясында «Елімайдан» басым түсіп, Лига кубогының финалына шықты.
Матчтың негізгі уақыты, алғашқы кездесудегідей, 0:0 есебімен аяқталды. Пенальтилер сериясының батыры Мұхамеджан Сейсен екі сейв жасады. Нәтижесінде астаналықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Пенальтиді Рамазан Кәрімов, Эльхан Астанов және Бранимир Калаица іске асырды.