kz

RU
KZ
«Корвинулды» жеңу – басты міндет
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Корвинулмен» өткен ойынды қорытындылады.
09 там 2024

– Біз қарсыласты жақсы зерттедік, іріктеу кезеңіндегі барлық ойынын қарадық, деңгейі мен сапасы биік команда, олар сенімді ойнайды. Бірінші таймда біз оларға сенімді ойнауға жол бердік, ал өзіміз жоспарлағандай ойын көрсете алмадық. Үзіліс кезінде жігіттер сөзіме құлақ асып, екінші таймда мүлде басқа команда алаңға шыққандай болды. Кездесудің бірінші бөлігінде қарсыласқа берген сенімділікті екінші таймда өзімізге қайтарып алдық, алдын ала жоспарлағандай өнер көрсеттік, жалпы ойынның екінші жартысы біз үшін өте жақсы өтті. «Астана» үшін жеңіс өте маңызды, бірақ «Корвинулмен» жағдай анық емес, алда қарымта ойынымыз бар, оған өте жақсы дайындалуымыз керек. «Корвинулдың» жақсы команда екені сөзсіз.

– Үзілісте не өзгерді?

– Біз шабуылдарымызды өзгерттік, басқа құрылымдар болды, қарсылас қорғанып үлгермеді, ал біз олардың қысымына төтеп бердік. Бұл біз үшін өте маңызды.

– Сырт алаңда ойнау қаншалықты қиынға түсті?

– Ұзақ ұштық, ал стадион жағдайы өте жақсы, жанкүйерлерінің қолдауы тағы бар. Бізге ауыр болды, бірақ командаға алғашқы 30 минутта қысым болатынын ескерткен едім, айтқаным келді.

– Еурокубоктағы мақсат қандай?

– Біз қазір тек қарымта матчқа ден қойдық, одан арғысын алда көре жатармыз. «Корвинул» – мықты қарсылас, сондықтан осы команданы жеңу біздің басты міндетіміз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес