kz

RU
EN
KZ
Астанов – «Динамомен» өткен ойын туралы
19 шіл 2023

«Астананың» жартылай қорғаушысы Елхан Астанов Тбилисидің «Динамосына» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта матчынан үміттерімен бөлісті.

– Бірінші матчта аз уақыт өткіздіңіз. Динамоның қорғанысын қалай аша аламыз деп ойлайсыз?

- Иә, мен бірінші ойында аз уақыт өткіздім, бірақ Чемпиондар лигасында қанша ойнасам да, бұл тәжірибе болды, ол үшін бас бапкерге алғыс айтамын. Өкінішке қарай, Астанада жанкүйерлерімізді қуанта алмадық. Ертеңгі ойында ойынымызды жақсартуға тырысамыз. Біздің басты міндетіміз – келесі кезеңге өту.

– Шабуылда жартылай қорғауда да, қапталда да әрекет етесіз. Сізге қай позицияда ойнау ыңғайлы?

– Мен өзім шабуылда сол қапталда ойнаймын, бірақ бас бапкердің шешімі бойынша. Қай жерге қойса да ойнауға дайын.

– «Динамоның» құрамында кімді ерекше атап өтуге болады?

– Алаңда аз уақыт өткізгендіктен, ешкімді ерекше атап көрсете алмаймын. Бірақ олар ойыншыларды теориялық тұрғыдан талдады, Усман Камараны айта аламын. Бірақ бүкіл команданы атап өту керек, «Динамо» өте жақсы команда. Олар өз алаңында, жанкүйерлерінің алдында ойнайды. Бірақ біз өз күшімізге сенеміз, біз де қолдаусыз қалмаймыз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Бас серіктес