kz

RU
EN
KZ
Бабаян Шымкенттегі матч туралы
25 қыр 2023

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ордабасымен» өткен ойынның нәтижесі туралы айтты.

- Біріншіден, ойын алдында жігіттермен сөйлестік. Бiз футболшылардың үлкен тобын, Загребте ойнағандарды Астанада қалдырдық. Сегіз адам Астанада қалды. Мен мұнда ойнаған жігіттерге ешбір жағдайда бұны жаза ретінде қарастыруға болмайтынын айттым – он төрт күнде бес матч, сыртта үш ойын, екі халықаралық ойын бар. Бұл жігіттерге онай емес. Дәл осы себептерге байланысты осындай қуатты айналым жүргізілді. Ең бастысы, біз мұнда күресіп, жеңіп, үш ұпай алдық. Бүгін мұндағы тамаша атмосфераны атап өткім келеді: жанкүйерлер, толық стадион, қала футболмен тұрады. Биыл нағыз футбол бумының болғаны мені қуантады. Ойнау қызық. Бізді қолдауға келіп, осындай тамаша жұмыс атқарған жанкүйерлерімізге рахмет. Баршаңызға жеңіс құтты болсын!

Бас серіктес