kz

RU
KZ
Бабаян «Браннмен» кездесу туралы
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Браннмен» өткен ойын жайында өз пікірімен бөлісті.
23 там 2024

– Біз бұл өте қиын матч болатынын түсіндік, өйткені «Бранн» өте жылдам комбинацияда ойнайды, сонымен қатар ауа-райы да әсер етті. Алаңға бейімделу үшін шамамен 30 минут қажет болды, өйткені күні бойы жаңбыр жауып, алаң өте ылғал, ал доптың ұшуы жылдам болды. Жалпы, бізде бірнеше рет қарымта шабуылға шығу мүмкіндігі болды, бірақ «Бранн» алаңда әлдеқайда жақсырақ болды. Бүгін жанкүйерлер керемет атмосфера жасады, мұндай трибунада ойнаудың өзі ғанибет. Екінші таймда біз тактикалық тұрғыдан ойынды өзгертуге тырыстық, алғашқы 10 минутында доп бізде болды, ойынды да өз бақылауымызға алдық. Бірақ артынша алаң иелері басымдық танытып, біз қайтадан төмен қорғанысқа өттік. Жалпы алғанда, заңды нәтиже, «Бранн» жақсырақ және жылдамырақ болды. Енді осы ойынды талдап, қарымта кездесуге жақсы дайындалуымыз керек.

– Келесі кезеңге өту мүмкіндігіне сенесіз бе?
– Әрине, мүмкіндік бар, біз соңына дейін күресеміз. Алматыға жанкүйерлер келеді деп сенемін және әрі қарай өту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Үлкен болмаса да, бірақ өту мүмкіндігіміз бар.

– Бүгінгі «Бранның» ойынында сізді қай жағдай таң қалдырды?
– Жоқ, біз бұл матчқа дайындалдық, команданың ойынын талдадық және бұл допты жақсы бақылауда ұстайтын мықты команда екенін білдік. Біз мұндай ойынға дайын едік, бірақ өкініштісі, шабуылымыз толығымен іске аспады.

– Жол ұзақ болды, бұл бүгінгі ойынға әсер етті ме?
– Осында 24 сағатта жеткенімізді айтқан едім, өте ауыр жол. Бірақ кез келген жағдайда біз бүгінгіден әлдеқайда жақсы ойнауымыз керек еді және ойнай алатын да едік.

– Қарымта матчтан не күтесіз?
– Енді «Браннды» алда ұзақ жол күтіп тұр. Жаңа айтқанымдай, біз қарсыласымыздың келесі кезеңге өтуін қиындату үшін бар күшімізді саламыз.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес