«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Елімайдан» басым түскен матчты қорытындылады.
«Кубок ойындары әрқашан ауыр өтеді. Біздің ойын кестеміз өте тығыз, әрбір 2-3 күн сайын кездесу өткіземіз, «Елімай» да соңғы матчын бізбен бір күнде өткізді. Біз тәуекелге бармадық, аз ойнайтын жігіттерді алаңға шығардық, біреуі 70 минуттай, ал біреуі 120 минутқа шыдады. Әрине, жоспардан тыс ауыстырулар болды. Жалпы, тең ойын болды, біз допқа көбірек иелік еттік. Өкініштісі, кей жерлерде керегі жоқ дөрекі ойын болды, біздің тарапымыздан да, олардың тарапынан да. Пенальтиде жеңіске жетіп, финалға шықтық. Біз үшін бұл маңызды, жігіттерді құттықтадым, үлкен жұмыс жасадық. Бұл турнир Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және команда үшін де, «Астана» үшін де финалға шығу маңызды болды. Мен команданы және жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын».
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ