«Астана» футбол клубының бас бапкері «Пафоспен» ойын жайлы ойымен бөлісті.
- Біз күткендей өте қиын ойын болды. «Пафос» - өте мықты ойыншылары бар жақсы жасақталған құрам. Бізде Кипрға жету жолымыз ауыр болды. Ойын бастала салып үстемділікті қарсыласқа бердік, қорғаныста өте төмен ойнау себебіміз де сол, бізде басқа амал болмады. «Пафоста» бүгін өте көп мүмкіндік болды, олардың көбісін олар қандайда бір себепке байланысты қолдана алмады, ал біз өз кезегімізде қорғаныста тығыз ойнауға тырыстық және бұл біздің қолымыздан келді. Голды алаңда біз 10 ойыншы болып қалғанда өткізіп алдық, өзгеріс жасап үлгермедік. Өте өкінішті, құрам бүгін мінез көрсетті және соңғы 3 минутта гол жіберіп алғанымыз қынжылтады. Жігіттерге алғыс айтқым келеді, бар жан-тәнімен алаңда өнер көрсетті.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ