kz

RU
KZ
Бабаян «Ордабасыға» қарсы ойын туралы
23 қыр 2024

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ордабасыдан» басым түскен матчты қорытындылады.

– Біз тамаша матч өткіздік, қарсыласқа ешқандай мүмкіндік бермедік. Ойынның нәтижесі бірінші таймда шешілуі керек еді, есеп ашар сәттер болды, тек іске аспады. Қарсыластың алыстан бір соққысы мен айып добы болды, гол соғылды, басқа моңтайлы сәттері есімде жоқ. Жалпы, біздің команданың бүгінгі ойыны, допты бақылауда ұстауы, қорғануы, шабуыл кезеңіне өтуі және тез кері қайта білуі – көңілде үлкен құрмет ұялатады. Жігіттерде сенімпайда болды, бірақ босаңсуға болмайды. Біз сырт алаңда жақсы командаға қарсы ойнап, өте сапалы футбол көрсеттік. Осы үшін де жігіттерді құттықтағым келеді.

– Бірінші және екінші айналымдағы «Астананың» ойыны жер мен көктей секілді?
– Бірінші айналымда да біз жаман ойнаған емеспіз, «Ордабасымен» де әдемі матч болды. Жалпы бірінші айналымда қарсыластарымыздан әлдеқайда күшті ойнадық, бірақ кей орынсыз сәттер орын алды. Шындығына келсек, төрешілердің қателігі, ұпайдан құр қалуымыз әсер етті. Қазір команданың өзіне деген сенімі артты, сонымен қатар жақсы іріктеу жұмысы жасалды. Ойын тәжірибесі де көбейді, сонымен қатар еурокубок матчтары бізге сенімділік берді. Қазір команда қарқыны жақсы, енді ең бастысы босаңсуға жол бермеуіміз керек, өйткені футболда кешегі нәтижемен жүре алмайсың, күн сайын мықты екеніңді дәлелдеуің керек. Кестеміз де тығыз, мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған, әрбір үшінші күні алаңға шығамыз, жолдың қашықтығы мен әуресін, Еуропаны қоса алыңыз. Бұл өте ауыр, сондықтан бәріне тығыршықтай дайын болып, жеңіс жолын тек жалғастыра береміз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес